Мәжіліс депутаттығына ҚХА атынан ұсынылған кандидаттар сайлау қорын құрмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА атынан ұсынылған кандидаттар сайлау қорын құрмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті.

 Мәжіліс депутаттығына ҚХА атынан ұсынылған кандидаттар сайлау қорын құрмайды

«Кандидаттармен сайлау қоры құрылмайды. Оларға бюджеттен 630 мың теңге көлемінде қаражат бөлінеді. Оның сыртында өзге көздерден қаржы тартуларына рұқсат берілген. Олар сонымен қатар ҚХА мүшелерімен бірге үгіт-насихат жасай алады, себебі 21 наурызда оларды ҚХА-ның 446 мүшесі сайлайтын болады», - деді Т. Охлопкова тілшілердің сауалына жауап беру кезінде.

Бұның алдында хабарлағынымыздай, 2016 жылғы 6 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталды, ол 2016 жылғы 19 наурыз күні сағат 24:00-де аяқталады.

2 наурызда ҚР ОСК Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың үгіт жұмысына республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын шығыстарының мөлшерлерін бекітті.

Теледидар бойынша сайлауалды бағдарламамен шығуға әрбір кандидатқа 139000 теңге бөлінеді; бағдарламамен радиода бағдарламамен шығуға - 82000 теңге, баспа басылымдарында екі мақала жариялауға - 178000 теңге; сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайды жалға алуға - 33000 теңге; үгіттік баспа материалдарын басып шығаруға - 66000; көліктік шығыстарға - 132000 теңге.

Т. Охлопкова, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына кедергісіз және тең қол жеткізуіне сайлау заңнамасы кепілдік беретінін атап өтті.

БАҚ тіркелген барлық кандидаттарға эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беруде тең жағдайлар жасауы тиіс.

Кандидаттардың барлық үгіттік баспа материалдарында  сол материалдарды шығарған ұйым, олар басылған жерi мен таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгендiгi туралы мәлiметтер болуға тиiс.

Yгiттiк баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде дайындауға, анонимдiк үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.