14:59, 08 Шілде 2016 | GMT +5
Мәжіліс депутаты А.Суслов Ақсу қаласының тұрғындарымен кездесті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ақсу қаласында Паламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі Александр Сусловтың қатысуымен «Есіктен есікке» акциясы өтті, деп хабарлады облыстық партия филиалының баспасөз қызметі.
Ақсулықтармен жүздескен Мәжіліс депутаты партияның сайлауалды бағдарламасының мазмұнын түсіндірді. Әңгіме барысында А.Суслов қала тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелерімен танысты. Әсіресе, қалалықтарды жаңа қазандықтың құрылысы қызықтырды. Бүгінде күннен-күнге өсіп келе жатқан қаланы жалғыз жылу көзі - Ақсу ферроқорытпа зауыты жылытады. Кейбір көшелерде түнгі жарықтың болмауы да қала тұрғындарын алаңдатады.
«Қала тұрғындары қойған барлық сұрақтар, барлық мәселелер менің жіті бақылауымда болады», - деді Мәжіліс депутаты. - Қазандықтың құрылысына келсек, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Нысанды құру үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда», - деп атап өтті.