Мәжіліс депутаты А. Тасболатов Алматы қаласында бірқатар кездесулер өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Абай Тасболатов Алматы қаласындағы сапары аясында сайлаушылармен кездесті. Онда Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттер жайы талқыланды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Мәжіліс депутаты А. Тасболатов Алматы қаласында бірқатар кездесулер өткізді

Сапар аясында мәжілісмен Қорғаныс министрлігіне қарасты Аэромобильді әскерлер басқармасының басшылығымен, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметі академиясы түлектерімен, сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне қарасты «Оңтүстік» аймақтық Республикалық ұлан басшылығымен кездесті. Бұдан бөлек, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қызметкерлерімен, қалалық мәслихат депутаттары, Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлері мен Ауған соғысы ардагерлерімен жүздесті. Онда «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. Мақсаттар 2017. Ұлттық іс-әрекеттер жоспары» атты тұғырнамасы, Елбасы Жолдаулары, партияның болашақты құруға бағытталған доктринасының басым бағыттарымен оларды шешу жолдары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, депутат Парламент Мәжілісінің заң шығарушылық қызметі жайынан хабардар етті.