Мәжіліс депутаты Армения журналистеріне сұхбат берді

АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов Армения елінен келген журналистермен жүздесті,

Мәжіліс депутаты Армения журналистеріне сұхбат берді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуге Арменияның «Армедиа» ақпараттық-талдау агенттігінің  директоры Карен Бекарян мен осы аталған ұжымның журналистері Наира Мкртчян мен Тигран Петросян қатысты.

 Айта кету керек, «Армедиа» ақпараттық-талдау агенттігі 2006 жылы құрылған екен. Бұл ұжымның мақсаты - елдер арасында достық орнатуға қызмет ету, өзге елдердің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени байланыстарын көрсету. Бұл жөнінде агенттік басшысы Карен Бекарян айтып берді. Ол Қазақстан жайлы бірнеше сериялы деректі фильм түсіріп, Арменияның «Ереван» телеарнасында көрсетілетінін жеткізді. Осы мақсатта бес күн бойы Астанада бірнеше кездесулер өткізіп, материалдар жинауды көздеп отыр.

 Мәжіліс депутаты еліміздің ішкі және сыртқы саясаты туралы жан жақты әңгімелеп берді. Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы, Мәжіліс жанындағы Қоғамдық Палата жайлы жан-жақты айтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясаты, Қазақстанның әлемнің көптеген мемлекеттерімен байланысы жөнінде және Мәжілістің шетел Парламенттерімен ынтымақтастық қарым-қатынасы жайлы сөз қозғады.

Қазақстандағы армян диаспорасының жағдайы жөнінде сөз болды.