Мәжіліс депутаты азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесіне өзгерістер енгізілуін сұрады

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты Сауырбай Есжанов ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің атына жолдаған сауалында азаматтық қызметшілерге қатысты мәселе көтерді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мемлекет басшысының 2007 жылғы Жолдауында білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт сияқты салаларына мамандарды тарту мен оларды әлеуетті нығайту үшін Үкімет бірқатар іс-шараларды іске асырды. Еңбек кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына және 230-бабына сәйкес 2007 жылғы қыркүйектің 27-сінде «Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Үкіметтің қаулысы бекітілді. Осы бекітілген қаулыға және Еңбек кодексінің 239-бабының 1-тармағына енгізілген өзгерістерге орай 2008 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы еңбек демалысы берілетін болды. Үкіметтің бекіткен «Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысында азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесінің қатарында «көлік жүргізуші, еден жуушы, от жағушы, қарауыл (вахтер), гардеробшы т.б. қызметкерлер тізімге ілінбей қалған. «Бұл жағдай мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын қызметкерлер және жергілікті басшылар мен техникалық қызмет көрсететін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер арасында түсініспеушілік тудырып отыр. Осы жылдың ақпанында сайлаушылармен кездесулерде және жазған арыз, шағымдарында да осы мәселе басым көтерілді. Осы себептерге байланысты аталған жағдайларды ескере отырып, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын қызметкерлердің сұранысын қанағаттандыру мақсатында азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесіне жоғарыдағы атап кеткен мәселелерге орай өзгерістер енгізілуіне ықпал етуіңізді сұраймын»,- дейді Мәжіліс депутаты С.Есжанов.
Соңғы жаңалықтар