Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлының өкілеттігі тоқтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Берік Әбдіғалиұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы Жарлығымен Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.
Палата депутаттары бұл ұсынымға қолдау білдірді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.
Ол 2019 жылғы қазан мен 2021 жылғы қаңтар – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі болды. 2021 жылдан Парламент Мәжілісінің депутаты.