Мәжіліс депутаты Бейнеудегі шекарашылар жатақханасын балабақша етіп қайта жасақтау туралы мәселе көтерді

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зейнолла Алшымбаевқа Бейнеу аудандық және Маңғыстау облыстық мәслихатының 14 депутаты қол қойған хат келіп түсті.
None
None

Онда Бейнеудегі Шекара бақылау отряды, яғни №2095 әскери бөлімі уақытша орналасқан екі қабатты ғимаратты балабақша етіп қайта жарақтау туралы мәселе көтерілген. Бұл мәліметті бүгін Палатаның жалпы отырысында депутат Зейнолла Алшымбаев айтты. Ол ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

З.Алшымбев өз сауалында жергілікті депутаттар шекарашыларды жақында №2087 әскери бөлімі босатқан ғимаратқа көшіру туралы ұсыныс беріп отырғанын жеткізді.

«Бейнеу селосындағы шекарашылар орналасқан екі қабатты жатақхана ғимаратын балабақша етіп қайта жасақтау туралы Бейнеу ауданының әкімшілігі шешім де қабылдаған. Жалпы, шекарашыларды Бейнеу селосынан шекараға жақын Тәжен бекетіне көшіру туралы мәселе Үкімет деңгейінде көптен көтеріліп келеді. Бұл мәселемен Үкіметтің тиісті құрылымдары айналысуда екенінен хабарлымыз»,- дей келіп, депутат Үкімет басшысына: «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың балабақшалар үшін мүмкіншіліктер қарастыруды тапсырғаны белгілі. Сондықтан мәслихат депутаттарының аталған ғимаратты балабақшаға лайықтап қайта жарақтау туралы ұсынысының шешілу мүмкіндіктерін қарастыруыңызды сұраймын»,- деді.

Соңғы жаңалықтар