Мәжіліс депутаты Чех елшісімен кездеседі

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Виктор Рогалев Чех Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Берджих Копецки мырзамен кездеседі,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кездесуде екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық байланысты дамыту, парламентшілердің іс-тәжірибе алмасу барысын жандандыру мәселелері сөз болмақшы.ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының ішінде Қазақстан мен Чех арасындағы тауар айналымы 259,2 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт 73,1 млн доллар, импорт 186,1 млн долларды құрап отыр.Чех елінің капиталы қатысуымен Қазақстанда 72 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бүгінгі таңда елімізде Чехияның 16 фирмасының өкілдігі тіркелген.
Соңғы жаңалықтар