Мәжіліс депутаты Е. Құдайберген Мақтарал тұрғындарымен жүздесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген іссапармен Мақтарал ауданында болып, аудан тұрғындарымен кездесті.
None
None

Халық қалаулысы жергілікті жерде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысып, аудан орталығы Жетісай қаласы, Атакент, Асықата кенттеріндегі шаруа қожалықтары, шағын және орта бизнес өкілдері мен әлеуметтік және медицина саласы қызметкерлерімен кездесті.

Жиын барысында бірқатар бизнес өкілдері мен медицина саласы қызметкерлерінің ұсыныс пікірлері тыңдалып, алдағы уақытта Парламент қабырғасында қабылданатын Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысында ескерілетіндігі айтылды. Отырыста ел ағаларының тұшымды пікірлері мен маңызды ұсыныстары талқыға салынды, деп хабарлайды Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар