Мәжіліс депутаты елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы тұрғындарға баяндап берді

АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты Сауырбай Есжанов Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт, Төлеби аудандарына болып, бірнеше елді мекендердің тұрғындарымен кездесулер өткізді,

Мәжіліс депутаты елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы тұрғындарға баяндап берді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Басқосуларда Жолдауды халыққа жеткізіп, қаржы дағдарысының әлемдік экономиканың көптеген бұлжымас қағидаттарының өзіне елеулі өзгеріс енгізгендігін, соған орай экономиканың даму бағыттары мен жүргізу әдістерін жаңаша өзгерту жөнінде айтып берді. Сонымен қатар депутат әлемдік қаржы дағдарысынан шығудың жолдары мен бюджеттің қайта қаралғаны, «Нұр Отан» ХДП-ның алға қойған мақсаттарының орындалуы, өңірлік жұмыспен қамту мен кадрларды уақыт талабына сай қайта дайындау стратегиясы, еңбек нарығын дамыту және әлеуметтік жағдайлардың бірде-біреуінің кемімеуі, еліміздің агроөнеркәсіп кешені мәселесіне айрықша көңіл бөлінгендігі жөнінде түсінік берді. Жергілікті маңызға ие автокөлік жолдарын салу, қайта жаңғырту және жөндеу, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымдарды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңарту, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту мәселесі қамтылғанын жеткізді. Сонымен бірге тұрғын үй құрылысын қолдау мен үлескерлер проблемаларын шешуге бюджеттен 545 млрд. теңге қаржы бағытталғандығы, жұмыссыздарға Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан жәрдемақы төлеу мерзімі 4 айдан 6 айға ұлғайтылғандығы, студенттер үшін қосымша 11 мың грант және 40 мың несие бөлетіндігі жөнінде және бұл мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен 15 млрд. теңге қарастырылғаны жайлы тұрғындарға егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.