Мәжіліс депутаты елордада әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың ескерткішін орнатуды ұсынды
Депутаттың айтуынша, биыл қазақтың халық композиторы, атақты күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 150 жыл толып отыр. Осыған қарай Қазақстанның бірқатар аймақтарында, оның ішінде күйшінің туған жерінде Батыс Қазақстан облысында еліміздің астанасында және тағы да басқа аймақтарында күйшінің мерейтойы көптеген мәдени іс-шаралар арқылы атап өтілді.
«Өнегелі өмір жолында 13 баланы дүниеге әкеліп, абзал ана болған, Дина анамызды да, оның күйлерін де қазақ қоғамы жоғары бағалайды. Күйшінің асыл мұралары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінгі Тәуелсіз қазақстанның халқы да Динаның күйлерін мақтан етеді. Осыған байланысты биылғыдай мерейтой тұсында күй анасы Дина Нұрпейісоваға елордадан сәулетті ескерткіш орнату жөнінде ұсыныстар айтылды. Осы ұсыныстарға байланысты ескерткіштің орнатылуына қолғабыс етуіңізді сұраймын», - деді депутат.