Мәжіліс депутаты еркін сатылып жатқан «шөптік микстердің» халық денсаулығына кері әсері болуын ескертті

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің  депутаты Берік Бекжанов Бас Прокурор Қайрат Мәми мен Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке депутаттық сауал жолдап, халықтың денсаулығына зиян тигізетін өнімдердің сатылуына тыйым салу қажеттігін айтты,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде елімізде халық денсаулығына кері әсерін тигізетін  «шөптік микстер» сатылуда. Еркін сатылып жатқан өсімдік қоспалары немесе түсінікті тілмен айтсақ, шөптік "микстердің" әсері анашамен бірдей. Құрамында есірткі қатарына жататын заттар болғандықтан, жуырда ғана Ресей  шөптік "микстерді" сатуға тыйым салған болатын. Себебі шөптік қоспалардың құрамында табылған заттар марихуана мен анашаның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Енді Голландияда өндірілетін бұл қоспа солтүстіктегі көршімізді айналып өтіп, Қазақстанға тасымалдануда. Әзірге шөптік "микстерге" біздің елде тыйым салынбаған.

Бір қарағанда қарапайым шөптік дәрілер іспеттес көрінетін қоспалар, оны қолданған адамды алты сағат бойынша есінен айырады екен. Бұл дегенің кәдімгі қатты әсер етуші психотроптық заттардың күшінен кем емес деген сөз. Марихуана мен анашаның құрамында психатроптық заттар болғандықтан адам оған тез тәуелді болып қалады. Дәл сол сияқты «шөптік микстерге де» адам психологиялық тәуелділікте болады екен.

Бұл «шөптік қоспалардың» кері әсерін түсінген көптеген Еуропа елдері бұл қоспаны пайдалануға тыйым салған. 

Жалпы, мұнда өсімдік қоспаларының түр-түрі бар. Жастар арасында танымал "микстер" - Спайс пен Джин аталады екен. Бағасы 2,5 мың теңгеден басталады. Бұлар да еркін сатылуда. Керек десеңіз, бұл «шөптік микстерді» сатушылардың өзіндік сайты бар. Онда оны сатушылар барлық әрекеттері заңды екенін жазғанымен, оны алушыларға сату мен оны жүзеге асыру өте жасырын, құпия негізде жүргізіледі екен»,  деді депутат Берік Бекжанов.

Депутат сауалы жолданып отырған лауазым иелерінен аталған «шөптік қоспаның» наркотикалық препарат екені ресми дәлелденбегендіктен, шұғыл түрде осы заттың қоспасына ғылыми зерттеу жүргізіп, ресми қорытынды беруін сұрайды.

Егер оның құрамында адам денсаулығына зиянды қоспа болса, кең қолданылудың алын алу мақсатында, оның адам денсаулығына әсерін анықтап,  «шөптік қоспаның» өзін тыйым салынған дәрілік заттардың тізіміне енгізу қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар