Мәжіліс депутаты құс шаруашылығы да қолдауды қажет ететінін айтты

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжіліс депутаты Ермұханбет Омаров ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің атына сауал жолдап, отандық өнім өндірушілерді қолдау жөнінде мәселе көтерді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Депутат өз сөзінде Алматы облысындағы «Казрос-Бройлер» ЖШС жылдық қуаты 29000 тонналық, 1200 адамды жұмыспен қамтып отырған Қазақстан мен ТМД-дағы ең үлкен құс шаруашылығы кешенінің күрделі құрылысын аяқтап, қолданысқа енгізгенін айтты. Бұл құс етін өсіру және өңдеу бойынша еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызды кешен болып табылады.«Осы жобаны қаржыландыру үшін 2005 жылы «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның 87,5 млн. АҚШ доллары сомасында кредиттік желісі ашылған болатын. Орта есеппен алғандағы жылдық сыйақы ставкасы 10 пайызды құрады. Бүгінгі күні жеңілдік кезеңде есептелген пайызды қосқанда банктің алдындағы қарыз 113,5 млн. АҚШ долларына жетті. Өкінішке орай «Казрос-Бройлер» ЖШС-нің нарыққа шығуы нарықтағы бағаның құлдырауы мен жаңғырығы отандық құс шаруашылықтарына да келіп жеткен әлемдік қаржы дағдарысымен сәйкес келді.Әлемдік қаржы нарығындағы дағдарыс отандық банк жүйесіне де ықпалын тигізді. Соның салдарынан банк «Казрос-Бройлер» ЖШС үшін сыйақы ставкасын жылдық 10 пайыздан 16 пайызға дейін өсіріп жіберді. Сыйақы ставкасын өсіру мен теңге девальвациясы осы жобаның экономикалық көрсеткіштеріне теріс әсерін тигізді. Сонымен қатар қазіргі кезде ауыл шаруашылығының, соның ішінде құс шаруашылығының инвестициялық тартымдылығы төмендеп кетті. Агроөнеркәсіптік кешеннің елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешетінін ескере отырып, қазір қолымызда бар отандық ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау аса өзекті. Осыған орай Үкіметтің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына өзгертулер енгізу мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын», - деді депутат Е. Омаров.
Соңғы жаңалықтар