Мәжіліс депутаты Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында атап көрсетілген құқық қорғау органдарының реформасы туралы дәріс оқыды
АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінде Аппарат қызметкерлеріне арналған оқу болып өтті. Онда мемлекеттік қызметшілер алдында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,
осы Палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Серік Темірболатов «Мемлекет басшысының 2010 жылғы қаңтардың 29-дағы Қазақстан халқына арналған Жолдауына және Құқықтық саясат Тұжырымдамасына орай құқық қорғау органдарының реформасы туралы» деген тақырыпта баяндама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжіліс депутаты өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталған Жолдауындағы құқық қорғау орындары мен құқықтық жүйеге арналған реформа жайында, әрбір органға жүктелген міндеттерді орындау бойынша бағыттарды түсіндірді.
Депутат Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында қоғамдық және парламенттік қатаң бақылау болуы қажеттігін мәлімдегені жөнінде айта келіп, осы мақсатта заңдарға енгізілетін толықтырулар туралы жан-жақты тоқталды.