17:47, 26 Қараша 2009 | GMT +5
Мәжіліс депутаты Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен кездесті
Ы. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлмира Есімбаевамен «Нәзіктікпен көмкерілген іскерлік» атты кездесу кеші өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш оқу орнының ұйымдастыруымен өткен кешке университет ұстаздары мен студенттері қатысты. Кездесуде депутат Гүлмира Есімбаева бүгінгі таңдағы білім беру мен жастар саясатына қатысты мәселелерді ортаға салып, ой бөлісті. Сонымен қатар, студенттерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ ел қалаулысы кеш барысында студенттерге керек деген бірнеше заңдар жөнінде айтып өтті.
Кеш соңында университеттің музыкалық білім және мәдениет факультеті студенттерінің шағын концерттік бағдарламасы ұсынылды.