Мәжіліс депутаты мемлекеттік шекараны нығайтуға қатысты мәселе көтерді

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжіліс депутаты Гүлнәр Сейтмағанбетова ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің атына депутаттық сауал жолдап, мемлекеттік шекараны нығайтуға қатысты мәселе көтерді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Депутаттың атына Маңғыстау облысы, Бейнеу аудандық мәслихатының бір топ депутаттарынан Бейнеу стансысында орналасқан Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекетін Ақжігіт ауылына немесе Оазис стансысына көшіру жөнінде өтініш хат келген. Оазис разъезінен Бейнеу стансысына дейінгі темір жолдың бөлігі Өзбекстан Республикасының меншігінде болған кезде, шекаралық, кедендік және басқа да бақылау түрлерінің қызметтерін атқару үшін Бейнеу стансысында уақытша өткізу бекеті ашылған болатын. Кейіннен аталған темір жол бөлігі Қазақстан Республикасының меншігіне өткен кезде, шекаралық органдардан басқа барлық бақылау түрлерінің органдары Оазис разъезіне көшірілді.Нәтижесінде бүгінгі таңда шекарадағы кедендік, санитарлық- карантиндік, ветеринарлық, фитосанитарлық, көліктік бақылау жүргізу түрлері Оазис разъезінде іске асырылады да, ал шекаралық бақылау жүргізу жұмыстары Бейнеу стансысында атқарылады. «Бұл жағдай Елбасымыздың Мемлекеттік шекараларды қатайту саласындағы нұсқауларына және ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмысын белгілеу және ұйымдастыру ережелеріне» қайшы келеді деп есептеймін. Себебі Мемлекеттік шекарадан өткеннен кейін, ұзақтығы 85 шақырымды құрайтын темір жол бойымен халықаралық Душанбе-Астрахань, Қоңырат-Бейнеу, Ташкент-Мәскеу, Куляб-Мәскеу, Ходжент-Саратов бағыттары бойынша тұрақты жүретін жолаушы пойыздары Бейнеу стансысына дейін Оазис, Ақжігіт, Қызыләскер, Көкбекті бекеттерінен бақылаусыз өтеді. Бұл - криминалдық элементтердің республикамыздың аумағына ешбір кедергісіз енуіне, есірткі бизнесі және контрабанда сипатындағы қылмыстық әрекеттерге жол береді. Оның үстіне, қазіргі уақытта жүргізілетін шекаралық бақылау кезінде Бейнеу темір жол стансысының күн сайын 5-6 сағат уақытқа жабылуы, осы стансы басындағы сауда-саттықтан күнделікті табысын тауып отырған аз қамтылған аудан тұрғындарының да әділетті наразылығын туғызуда.Осыған байланысты және мемлекеттік шекараны нығайту мақсатында шекаралық бақылау отрядын жақында елді мекен мәртебесін алған Оазис стансысына ауыстыру немесе шекарадан 22 шақырым қашықтықта орналасқан және шекаралық қызметінің толық құрылымы бар Ақжігіт ауылына ауыстыру мәселесін шешуіңізді сұраймын», - деді депутат Г.Сейтмағанбетова.
Соңғы жаңалықтар