Мәжіліс депутаты Серік Үмбетов қызылағаштықтармен кездесті

Қызылағаштықтардың бүгінгі хал-жағдайымен таныс болған депутатқа ауыл тұрғындары бұйымтайларын да жеткізді. Олар дихандар үшін егістік жер берілсе дейді. Ақсу ауданының әкімі бұл мәселенің жуық арада шешілетінін айтты. Мемлекет меншігіне өткен жердің 1200 гектарын еңбек етемін деген қызылағаштықтарға үлестіріп бермек. Су қоймасы салынған соң 7 мың гектар жер айналымға енетінін де айтып, ауылдағыларды қуантып тастады.
Айта кету керек, бұған дейін Серік Әбікенұлы ардагерлер үйіне де барды. Ақсақалдарға саяси реформалар жайында сөз қозғады. Рухани жаңғыру мақаласында жазылған өзекті мәселелерге де тоқталды. Жиында қариялар жағы мәдени күндер байқауын өткізу арқылы Серік Үмбетовтің саланың дамуына сара жол салғанын тебіреніспен жеткізді. Мәжілісмен Алматы облысына сапары барысында бұған дейін Қазақстанның көгалдағы және индорхоккейден ұлттық құраманың спортшыларымен кездескен болатын