Мәжіліс депутаты туризмді дамытудың жолдарын қарастыруды ұсынды

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжіліс депутаты Майра Айсина Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың атына сауал жолдап, туризмді дамытуға қатысты өзекті мәселені көтерді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Еліміздің алдыңғы қатарлы аймақтарындағы туризмді дамыту мәселелерімен айналысатын құрылымды нығайту қажеттігі жөніндегі депутаттың бұған дейінгі сауалына Үкіметтен аймақтарда дербес туризм құрылымын құру мүмкіндігінің бар екені туралы, сонымен қатар аталған құрылымды құруға келісетіні және дайын екені жайлы Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің жауаптары алынған. Дегенмен бұл мәселенің шешілуі Бірыңғай бюджеттік классификаторда туризм саласы үшін дербес кодының болмауына келіп тіреліп тұр.«Осыған орай министрліктің тиісті құрылымдық бөліміне аймақтарда туризм кластерін одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін, осыған кедергі болып отырған мәселені шешуге тапсырма беруіңізді сұраймын», - деді депутат М.Айсина.
Соңғы жаңалықтар