Мәжіліс депутаты Владимир Нехорошев Әулие Сергий Радонежский орденімен марапатталды

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Нехорошев ІІІ дәрежелі Әулие Сергий Радонежский орденімен марапатталды.
None
None

Парламент депутатына бұл марапатты бүгін Теміртау қаласындағы жаңа православ шіркеуінің ашылу салтанатында Астана және Алматы архиепископы Александр табыс етті. Депутатқа осы орден аталған храмның бой көтеруіне сіңірген еңбегі үшін берілген.

«Нұр Отан» ХДП атынан сайланған депутат өз кезегінде берілген марапат үшін алғысын білдіріп, Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында тұрақтылықтың сақталып, елдің өркен жайып келе жатқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар