Мәжіліс депутатының кездесуінде «100 қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселесі талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков Алматы қаласында болды.
None
None

Онда мәжілісмен «Алматы ЖЭО-2» нысанын аралып, жұмысшылармен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Жылу орталығындағы кәсіпорынның еңбек ұжымымен жүздесудегі әңгіменің негізгі тақырыбы Елбасы айқындаған «100 қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру турасында болды. Сонымен қатар, өндірістерді жаңғырту, инвестициялық бағдарламалардың орындалуы, тарифтік саясат туралы әңгіме өрбіп, депутат зейнетақы заңнамасындағы күтілетін өзгерістер, әлеуметтік қамтамасыз ету мен кадрлар даярлау бойынша жаңалықтарымен бөлісті. Соның ішінде депутат Н. Жазылбеков «Алматы электр станциясы» АҚ кәсіпорынының проблемаларына жіті назар аударды», - делінген баспасөз баянында.

Бұдан бөлек, депутат кәсіпорынның қазандық, турбиндік цех нысандарын аралап, олардың жұмысымен таныса отырып, мамандар мен қызметкерлердің көтерген мәселесін назарға алды.

Соңғы жаңалықтар