Мәжіліс депутатының «Қызылағаш: сын сағатта» кітабының тұсауы кесілді

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ғимаратында Мәжіліс депутаты Серікбай Нұрғисаевтың «Қызылағаш: сын сағатта» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Мәжіліс депутатының «Қызылағаш: сын сағатта» кітабының тұсауы кесілді

Шара барысында Қызылағаш ауылында болған қасіретті оқиғаның себеп-салдары, төтенше оқиғаны ауыздықтау жолындаңғы мемлекеттік органдардың бірлесіп атқарған жанкешті қимылдары, отандастарымыздың сол бір қиын кезеңдегі береке мен бірлік үдесінен табыла біліп, аз уақытта қираған ауылды қайта қалпына келтіруі кеңінен сөз болды.

ҚР  Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров өз сөзінде бұл апатты кейінгі ұрпақ үшін сабақ деп атай отырып, кітаптың тарих үшін өте құнды екендігіне тоқталды.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» ХДП, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, Алматы облысы және Ақсу ауданы әкімдіктерінің басшылығы қатысты.