12:57, 04 Қазан 2010 | GMT +5
Мәжіліс депутатының пікірінше, мектеп бағдарламасына «Отбасылық өмірдің этикасы және психологиясы» пәнін қайта енгізу қажет
АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Мәжіліс депутаты Айткүл Самақованың пікірінше, еліміздегі мектеп бағдарламасына «Отбасылық өмірдің этикасы және психологиясы» атты пәнді қайта енгізу қажет. Бұндай пікірді депутат Астанада өткен «Қазақстан қоғамының дамуы мен орнауындағы отбасы тәрбиесінің рөлі» атты дөңгелек үстелде айтты.
А. Самақова 90-шы жылдары жалпы білім беру мектептерінде «Отбасылық өмірдің этикасы және психологиясы» атты пән енгізілгенін айта келе: «алайда, көп кешіктермей бұл пән мектептің оқу бағдарламасынан жоғалып кетті. Меніңше, Білім және ғылым министрлігі осы пәнді қайта бағдарламаға қосуы керек. Мүмкін оны басқа атаумен енгізсе де болады. Дегенмен де біз аталған пәнді білім беру стандартына қосуымыз шарт. Мүмкін оны балабақшадан бастап оқытқан да дұрыс болар», деді. Осы орайда депутат отбасы өмірі тұрғысында бұл пән балаларға дұрыс түсінік беруге айтарлықтай көмек беретінін жеткізді. «Бұл пәнде тек адамгершілік тәрбие қағидалары қамтылған. Бала тәрбиесі мәселесіне бүгінде баса назар аударған жөн»,-деді А. Самақова.