Мәжіліс депуттары Көкшетаудағы «КамАЗ-Инжиниринг» АҚ еңбек ұжымымен кездесті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанат Омарбекова, Сапархан Омаров, Майра Айсина, Мұрат Теміржанов,  Сергей Звольский, Михаил Чирков және Юрий Тимощенко Көкшетаудағы жүк көліктерін шығаратын  «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамында болып, еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

null

Көкшетау қаласындағы іргелі кәсіпорын осы күні еліміздегі үнемшілдік өндіріс жүйесін қолданып отырған санаулы зауыттардың қатарында. Биыл өндіріс ошағының  құрылғанына  12 жыл толады. Еліміздегі машина жасау өнеркәсібі саласында өзінің лайықты орнын алып үлгерген зауыт осы санаулы уақыттың ішінде отандық машина жасау саласын дамытуға қомақты үлесін қосып келе жатқан кәсіпорын. Бүгінде ұжым жұмысы акционерлердің қолдауы арқасында ілгері басуда. Кәсіпорын құрылған 2005 жылдары жүк көлігінің үш түрін шығарудың өзінде едәуір қиындықтар болған еді. Кейін бәрі артта қалды. Қазіргі кезде зауыттан заман талабына сай «КамАЗ» жүк көліктері мен арнайы техниканың 40-тан астам түрі құрастырылады. Зауыт құрылғаннан бері барлығы 11 мыңнан астам көлік конвейерден шықты. Бұл көліктерге бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері тарапынан сұраныс күрт азайып кеткеніне қарамастан, Төтенше жағдайлар комитеті, жол құрылысы және ауыл шаруашылығы саласында ойдағыдай қолданылуда. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 2 мыңға жуық автокөлік шығаруға еркін жетсе, өткен жылы 800-ден астам жүк көлігі құрастырылды. Биыл бұл көрсеткішті 1400-ге жеткізу көзделген. Ұжымда 200-ден астам адам еңбек етеді.

null

Мәжіліс депутаттары зауыттың құрастыру цехын аралап көріп, шығарылып жатқан техника түрлерімен танысты.

null

«Соңғы кезде кәсіпорын басшылығы өнім өндіруде отандық үлестің мол болуына ерекше назар аударып келеді. Оны еліміздің жолдарында жүйткіп жүрген «Қазақстанда жасалған» деген эксклюзивті арнайы техникалардан байқауға болады. Дегенмен, әлі де отандық үлесті артыру және дайын өнімді сату шекарасын кеңейту бағыттында ауқымды жұмыс істеу керек. Біз өз тарапымыздан көмектесуге дайынбыз», -деді Мәжіліс депутаты Мұрат Теміржанов.

null

Кездесу барысында халық қалаулыларына зауыт ұжымы тарапынан әлеуметтік мәселелер жөнінде сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Сондай-ақ, зауыт ұжымындағы еңбек озаттары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Алғыс хатымен марапатталды.

null

Соңғы жаңалықтар