Мәжіліс Дүниежүзілік пошта одағының жарғысына енгізілген қосымша хаттаманы мақұлдады

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Жетінші қосымша хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Мәжіліс Дүниежүзілік пошта одағының жарғысына енгізілген қосымша хаттаманы мақұлдады

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік пошта одағы БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесінің мәртебесі бар халықаралық ұйым болып табылады. Ал Одақтың Жарғысына Жетінші қосымша 2004 жылғы 5 қазанда Бухаресте жасалған.

Жарғыға енгізілген толықтырулар бойынша Пошта қызметі болып - көлемін Одақ органдары айқындайтын барлық пошта қызметтері белгіленеді. Бұл қызметтерге қатысты негізгі міндеттемелер мүше елдердің белгілі бір әлеуметтік және экономикалық міндеттерді орындауын білдіреді әрі бұл пошта жөнелтілімдерін қабылдаумен, сұрыптаумен, жіберумен және жеткізумен қамтамасыз етіледі. Бірыңғай пошта аумағы - Одақ актілеріне сәйкес, уағдаласушы тараптарға жүктелетін, транзит еркіндігін қоса алғанда жазбаша хат-хабарлар жөнелтілімдерін өзара қамтамасыз етеді.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.