Мәжіліс электросамокатпен жүру тәртібін реттейтін құжатты талқылайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің қарауына электросамокатпен жүру тәртібін реттейтін құжат жобасы келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, жаңа нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылып отыр.

Мәжіліс депутат Альберт Раудың айтуынша, заң жобасы жолдағы көлік қозғалысы туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ескеріп отыр.

және мына мәселелерді реттеуге бағытталған:

«Бұл құжат электросамокат, гироскутер және басқа да шағын электр көліктерін бақылау, электр қуатымен жүретін шағын көлік ұғымын айқындау, шағын электр көліктері жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау мәселелерін реттеуге бағытталған», - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде электросамокатпен қатынайтын адамның жолда жүру тәртібі айқындалады.


Соңғы жаңалықтар