11:43, 28 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Мәжіліс еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер енгізуге қатысты заң жобасын мақұлдады
ТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Отырыста баяндама жасаған Әділет министрінің орынбасары Әмірхан Аманбаевтың сөзінше, аталмыш құжат тұтастай алғанда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лецензияны алуға аттестаттау өткізу кезінде аттестаттау комиссиясы қызметінің айқындылығы мен жариялығын қамтамасыз етуге бағытталған. Заң жобасы сонымен қатар адвокаттық қызметке үміткерлердің тағылымдамадан өтуіне байланысты мәселелерді реттеуге, сондай-ақ адвокаттар ұсынатын заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру тетіктерін белгілейді.