Мәжіліс халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіруге бағытталған заңды қабылдады

АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің және оның меншігінің иммунитеті, аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», заң жобасы бойынша қос палата арасындағы келіспеушілікті еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстары талқыланып, құжат қабылданды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Заң жобасын әзірлеу қажеттігі қолданыстағы ұлттық заңнамада төрелік және аралық органдардың, сондай-ақ дауларды шешу тәсілі ретінде төрелік немесе аралық соттар іс қарау рәсімін таңдау кезіндегі проблемалар туғызатын қарама-қайшы нормалардың орын алуына байланысты туындаған. Осыған орай, құжат бойынша  Қазақстанның қолданыстағы Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне түзетулер енгізіледі.

Бұдан басқа, заң жобасы халықаралық төрелік және аралық іс қараудан мемлекеттің және оның мүлкінің иммунитетін реттеуге бағытталады. Сондай-ақ құжатқа байланысты аралық соттың және коммерциялық төреліктің құзыретін шектеу, шешімдерді қолданысқа енгізу, орындау және тоқтата тұру секілді шаралар қамтылатын болады.

 Қос палата арасындағы келісім комиссиясы 5 ұстанымнан тұратын түзетулерді талқылап, шешім шығарды. Бұлардың 2-еуі Сенат редакциясында, қалғаны бірлескен редакцияда қабылданды.

Соңғы жаңалықтар