Мәжіліс ішкі істер органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған заң жобасына Сенат тарапынан енгізілген өзгерістерді қабылдады

АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Парламент Сенаты тарапынан енгізілген түзетулерді қарап шығып, бұндай түзетулерге келісімін берді.

Мәжіліс ішкі істер органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған заң жобасына Сенат тарапынан енгізілген өзгерістерді қабылдады

Сенат тарапынан ұсынылған түзетулер Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасына еш әсер етпейді және олардың басым бөлігі редакциялық нақтылайтын сипатқа ие болып отыр. Мәселен Сенат заң жобасындағы мемлекеттік органдардың құзіреті туралы ережелерін соған сәйкес қолданыстағы заңдарға ҚР Президентінің және ҚР Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын нормамен толықтыруды ұсынған болатын. Мұны Мәжіліс депутаттары құптады. Бұдан бөлек заң жобасының қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді заңмен жүктелген ата-аналарына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беру туралы нормасы соған сәйкес сот шешімі күшіне енгенге дейін жүзеге асырылатын ережемен толықтырылды.