Мәжіліс қарауына табиғи монополия субъектілері қызметінің ашықтығын арттыратын заң жобасы түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті.

Мәжіліс қарауына табиғи монополия субъектілері қызметінің ашықтығын арттыратын заң жобасы түсті

«Заң жобасы тұтынушылар алдындағы табиғи монополия субъектілерінің жария тыңдаулары мен жылсайынғы есебін өткізу тетіктерін жетілдіруді, табиғи монополиялар субъектілерінің интернет-ресурстарында не болмаса өкілетті органдардың веб-сайттарында желілер жүктемесінің артуы, қуаттылығы және өткізу мүмкіншілігі жайында, инвестициялық бағдарламаларының орындалуы, тарифтік смета туралы ақпараттарды міндетті түрде орналастыруды қарастырады», - деді заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Сонымен қатар құжатта табиғи монополия субъектілеріне электронды нысанда өтінім беру, мүмкіндігін бере отырып, өкілетті органдармен өтінімдерді қарау және шешім қабылдау процедураларын жеңілдету көзделген.

«Сондай-ақ өңірлік энергетикалық компанияларды қоспағанда басқа субъектілердің ағымдық жөндеу жұмыстарына және өзге де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалатын жылдық шығыстар сметасын келісу тәртібін бекіту қарастырылады», - деді М.Құсайынов.