Мәжіліс Кәсіпкерлік кодекс жобасын жұмысқа алды
«Кәсіпкерлік кодексінің жобасы кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы үшін мемлекеттік реттеу және кәсіпкерлікті қолдау саласындағы заңнаманы жетілдіру бағытында әзірленген. Жалпы осы кодекс жобасының шеңберінде кәсіпкерлік қызметті реттеуге қатысты қолданыстағы 12 заңға өзгерістер енгізіледі. Құжатқа қорытынды әзірлеуге дайынбыз», - деді Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Елбасы Н. Назарбаев Үкіметке аталған кодекс жобасын әзірлеуді тапсырған болатын.
«Бизнеске ыңғайлы болуы үшін Кәсіпкерлік кодексі жобасында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы заңдардың барлық нормалары шоғырландырылуы қажет. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде қабылданған реттегіштік әсер ету қағидалары осындай заңнамамен бекітілетін болады», - деген еді Мемлекет басшысы.