Мәжіліс «Кәсіптік одақтар туралы» заң жобасын өндіріске алды

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Бүгінгі Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Кәсіптік одақтар туралы» заң жобасын жұмысқа алды.
None
None

Өндіріске алынған заң жобасы кәсіподақ қозғалысындағы тікелей байланыс ұлттық, салалық және өңірлік деңгейлерде қабылданатын шешімдерді төменгі сатыларға жеткізуді және орындауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ қызметкерлердің басқарушы кәсіподақ органдарымен және олардың бірлестіктерімен кері байланыс жасауына мүмкіндік береді.

«Заң жобасының мақсаты еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынас құқықтары мен жұмысшылар мүддесін қорғау үшін кәсіптік одақ қозғалыстарының ұйымдастыру негізін айқындау болып табылады. Әлеуметтік әріптестіктегі кәсіптік одақтардың рөлі артып, әлеуметтік еңбек дауларын шешуді ескерту мәселелерін жетілдіру шаралары қамтылмақшы. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдар және жұмыс берушілер арасында тиімді қағидаттар қарастырылады», - дейді заң жобасы бойынша түсінік берген Гүлнар Ықсанова.

Оның айтуынша, заң жобасы кәсіподақ қозғалыстарының сатылы үлгісін жүзеге асыруға құқықтық негіз қалыптастырады.

Соңғы жаңалықтар