Мәжіліс Қазақстан мен БАӘ арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді мақұлдады

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және

Мәжіліс Қазақстан мен БАӘ арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімді мақұлдады

салық салудан жалтарудың алдын алу туралы Конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Конвенцияның мақсаты - екі ел арасындағы экономикалық қатынастарды инвестицияларға қолайлы жағдай жасау жолымен нығайту және дамыту болып табылады. Сонымен бірге, біреуінің немесе екі Келісуші Мемлекеттердің резидент жеке және заңды тұлғаларының табыстарына қосарланған салық салуды жоюды көздейді.

Конвенция салықтың барлық түріне қолданылады. Кейбір дивиденттерге, пайыздарға және роялтиге табыстың пайда болу мемлекетінде төмендетілген мөлшерлеме бойынша салық салынатын ережелер қарастырылған.

Конвенцияның 5-бабына сәйкес, келісуші мемлекеттердің біріндегі заңды тұлға-резидент, егер ол тұрақты мекеме қалыптастырмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын болса, онда басқа келісуші мемлекеттегі табыс салығын төлеуден босатылу мүмкіндігі қарастырылады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.