Мәжіліс «Қазіргі Қазақстан және «Еуропаға жол» атты халықаралық конференция өткізуге әзірленуде
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат. Мәжіліс төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен биылғы мамырдың 21-і күні Парламентте өтетін «Қазіргі Қазақстан және «Еуропаға жол» атты ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференцияға әзірлік жұмыстары жөнінде кезекті үшінші отырыс болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталған басқосуға Еуропалық Парламенттен, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ), ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан, Еуропалық кеңестен, НАТО-дан, ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан, ЕурАзЭҚ-тан делегациялар, белгілі депутаттар мен батыс елдері парламенттері саяси фракцияларының көшбасшылары, еуропалық жетекші сараптама институттарының өкілдері қатысады деп күтілуде.
Қазақстан тарапынан Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, азаматтық қоғам мен сараптамалық қоғамның өкілдері қатысады.Конференция жұмысы пленарлық және секциялық отырыс түрінде өтпекші. «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бейбіт және қарым-қатынас бастамасы», «Еуропаға жол»: Қазақстан үшін күн тәртібі», «Қазақстанның дінаралық және ұлтаралық келісім моделі: ЕҚЫҰ-ға тәжірибе» деген тақырыптарда әңгіме болады. Конференция шеңберінде тәуелсіз Қазақстанның өмірінен фотосурет көрмесін өткізу де жоспарланып отыр.