Мәжіліс Кеден одағы арқылы өтетін тауарлардың құнын айқындайтын келісімнің өзгерістерін мақұлдады

Хаттамаға былтырғы жылы 23 сәуірде Санкт-Петербор қаласында қол қойылған. Бұл ретте заң жобасына сәйкес, оның ережелері егер тауарлар Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелу кезінде іс жүзінде соған қатысты әкелуге мәлімделген жағдайда және осындай тауарларға қатысты кедендік шекарадан алып өткеннен кейін немесе алдын ала декларациялау кезінде бірінші рет кедендік рәсім мәлімделген жағдайда қолданылатын болады. Сонымен қатар, хаттамада «тауарлардың Кеден одағының аумағына келетін орны» ұғымы нақтыланады. Бұған қатысты, тауарларды тасымалдау бойынша шығыстарды әкелінетін тауарлардың кедендік құнына енгізу тәртібі Кеден одағының Комиссиясының шешімімен белгіленеді. Құжатта сондай ақ, тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау рәсімі де қарастырылады.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.