Мәжіліс Кеден одағы аясында кеден қызметтерінің өкілдігін құруға арналған заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері өкілдіктерінің қызметі мәселелері бойынша кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
None
None

Келісімге 2011 жылдың 22 маусымында Мәскеуде қол қойылған. Құжатқа сәйкес, Кеден одағына мүше мемлекеттер басқа тараптардың аумағында кеден қызметінің өкілдіктерін құра алатын болады. Ал ондай кеден қызметінің өкілдігі сол өкілдік құрылған тараптың заңнамасы негізінде әрекет етеді. «Кеден қызметінің өкілдігін оның басшысы басқарады, сондай-ақ ол болатын елдің кеден қызметі алқасының мүшесі болып табылады», - дейді Қаржы министрі Болат Жәмішев. 

Заң жобасына сәйкес, кеден қызметтерінің өкілдіктерін қаржыландыруды өкілдік ететін әр тарап өздері жүзеге асырады. Тараптар кеден қызметінің өкілдігін өтеусіз, тепе-тең негізде қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету жөнінде міндеттемелер қабылдайды.  

Соңғы жаңалықтар