Мәжіліс Кеден одағы аясында тарифтік емес реттеу шараларын қолдануға бағытталған заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
None
None

Заң жобасының мақсаты - еліміздің заңнамасын Мемлекет басшылары деңгейіндегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) тарифтік емес реттеу саласын 2009 жылғы 27 қарашадағы шешімге сәйкес келтіру.

Бұдан бөлек, құжат Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасын біріздендіруге, көрсетілген келсімдерге қатысушы болып табылмайтын мемлекеттерге қатысты бірыңғай тарифтік емес реттеу шараларын қолдануға ықпал етеді.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданатын болады.

Соңғы жаңалықтар