Мәжіліс Кеден одағына қатысты келісімдер топтамасын мақұлдады

аусымның 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Кеден одағына қатысты 8 заң жобасын мақұлдап, құжаттарды Парламент Сенатының қарауына жіберді.

Мәжіліс Кеден одағына қатысты келісімдер топтамасын мақұлдады

Атап айтқанда, палата депутаттары Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік нысандарының бірыңғай кедендік тізілімі туралы, кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолдануынан босату туралы, кеден аумағы арқылы жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын пайдалану ерекшеліктері туралы, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операциялардың ерекшелігі туралы, еркін қоймалар мен еркін қойманың кедендік рәсімі туралы, кеден аумағындағы еркін экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтардың кедендік рәсімі туралы келісімдерді мақұлдады.

«Бірінші келісім негізінде кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде кеден органдары зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылданатын зияткерлік нысандарын бірыңғай кедендік тізілімін жүргізу тәртібін белгілейді. Өтінішті қарау және зияткерлік меншік нысандарын бірыңғай тізілімге енгізу туралы шешімдер қабылдау Кеден одағына мүше мемлекеттердің өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес жүзеге асырылады», деді заң жобалары бойынша баяндаған ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев.

Бұдан бөлек, келісімдердің бір бөлігі еліміздегі белгілі жоғары лаузым иелерінің жүктерін кедендік тексерулерден босатуға бағытталған. «Атап айтқанда, кедендік шекарадан қызметтік міндеттерін немесе депутаттық өкілдіктерін орындауға байланысты өтетін болса тізілімде көрсетілген лауазым иелерінің жеке жүктерін кедендік тексеріп қараудан босатылады», деді Б. Жәмішев. Заң жобалары топтамалары Парламент Сенатына жіберіледі.