Мәжіліс Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шараларға қатысты келісімді бекітуді көздейтін заң жобасын мақұлдады
СТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен осы Палатаның жалпы отырысында «Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісімін ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Депутаттар алдында аталған келісім туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев баяндама жасады. Министрдің айтуынша, 2009 жылғы желтоқсанның 11-інде Санкт-Петербор қаласында ЭурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің мәжілісі барысында Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісімі қабылданған.
Бұл Келісім Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігінің бірыңғай жүйесін құруға және ветеринариялық-санитариялық талаптар мен шараларды қолдану саласында келісілген саясат жүргізуге мүмкіндік береді, бұл Кеден одағының аумағын жануарлардың жұқпалы аурулары қоздырғыштарының әкелінуінен және таралуынан қорғауды әрі экономикалық шығынды азайтуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын өнімнің халықаралық саудасындағы кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.
Кеден одағын қалыптастыру кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағының кедендік аумағына жануарлардың, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулар қоздырғыштарының және ветеринариялық талаптарға сәйкес келмейтін тауарлардың (өнімдердің) әкелінуінен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында кеден одағының ветеринариялық қауіпсіздігінің бірыңғай жүйесін құру және ветеринариялық-санитариялық талаптар мен шараларды қолдану саласында келісілген саясат жүргізу қажеттілігін талап етеді.
Жалпы отырыста Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ермұханбет Омаров қосымша баяндама жасап, заң жобасының жұмыс тобында талқылану барысы жөнінде айтып берді.