Мәжіліс: Келісімде инвестициялық бағдарлама бойынша Жамбыл облысындағы учаскелерге қатысты мәселелер қамтылған

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ Үкімет Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді бекітуді көздейтін заң жобасын Мәжіліске ұсынды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл келісімде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін жүзеге асырудың инвестициялық бағдарламасы бойынша Жамбыл облысындағы учаскелерге қатысты мәселелер қамтылған.Аталған келісімге үстіміздегі жылы наурыздың 30-ында Астана қаласында қол қойылғаны белгілі. Инвестициялық бағдарлама жобасын іске асыру еліміздің көлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді.Қарыз туралы келісім шеңберінде Жобаның бірнеше құрамдастары бар. Атап айтқанда, шамамен 129 шақырымдық автожолды қайта жаңартуды көздейтін автожолды дамыту құрамдасы Жамбыл облысындағы екі жол бөлігін, яғни 404 шақырымнан 483 шақырымға дейінгі учаскені және 210 шақырымнан 260 шақырымға дейінгі учаскені қалыпқа келтіруді қарастырады.Автожолды пайдалану және күтіп ұстау осы саланың жүйесін жақсартуды және интеллектуалдық көлік жүйесін әзірлеуді көздейді.Қазақстанға 340 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қарыз Азия Даму Банкінің қарапайым капитал ресурстарынан беріледі. Қарызды өтеу мерзімі - 5 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда 25 жыл. Қазақстан Үкіметінің бірлесіп қаржыландыруы 60 млн. АҚШ долларынан аспайды. Республикалық бюджеттің қаражаты құрылыс жұмыстарын бірлесіп қаржыландыруға, сондай-ақ салықтарды төлеуге бағытталатын болады.Тартылатын қарызға және оны өтеуді қызмет көрсетуді Қарыз туралы келісімде белігіленген қаржылық шарттарға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен ҚР Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады.Жобаның аяқталатын күні - 2013 жылғы желтоқсанның 31-і.ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2008 жылғы шілденің 24-де Жобаның экономикалық сараптамасын жүргізді. Бұл заң жобасы бойынша Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті үстіміздегі жылы қазанның 31-іне дейін қорытынды әзірлейтін болады.
Соңғы жаңалықтар