Мәжіліс кейбір конституциялық заңдарға енгізілетін түзетулерді қарауға кірісті
АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы өтті.
Онда Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу міндеті жүктелді.