17:59, 16 Наурыз 2009 | GMT +5
Мәжіліс: Комитет мүшелері «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заң жобасын талқыға салады
АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Ертең, наурыздың 17-сі күні Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті кезекті отырысын өткізеді.
Онда «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заң жобасы қаралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған заң жобасының мақсаты жайында Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі А.Косуновтың баяндамасы тыңдалмақшы. Сонымен қатар Комитет отырысында Үкіметтен келіп түскен жаңа заң жобалары мен әр түрлі мәселелер де қаралатын болды.