Мәжіліс комитеті қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған заң жобасын талқылады

онда «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды.
Аталған заң жобасы бүгінгі таңда төменгі және жоғары шек арасында үлкен алшақтық орын алып отырған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің нақты баптарының санкцияларындағы көпнұсқалықты қысқартуға, қылмыстық қудалау органдарының сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысандарының бірі ретінде тергеуалды тексеру жүргізу тәртібін реттеуге әрі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіруге бағытталған. Заң жобасын қарау барысында депутаттар экономикалық қылмыстарды ырықтандыру бөлігінде қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге және айыппұлдардың мөлшерін ұлғайта отырып, экономикалық салада құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған бірқатар түзетулер енгізді.
Бұдан басқа, заң жобасының тергеуалды тексеруді көздейтін нормаларын алып тастауға бағытталған түзетулер ұсынылып, сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңнамасын жетілдіруге бірқатар түзетулер бағытталған.
Біршама талқылаудан кейін депутаттар заң жобасын палатаның жалпы отырысының қарауына енгізу туралы шешім қабылдады.