Мәжіліс комитеті тоғыз вице-министрдің баяндамасын тыңдайды

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Ертең, ақпанның 3-і күні Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті кезекті отырысын өткізеді. Онда тоғыз вице-министрдің баяндамасы тыңдалады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, комитет отырысында еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін және «Босқындар туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» тағы да басқа заң жобалары қаралады. Отырысқа Қаржы вице-министрі, Қорғаныс, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және сауда, сондай-ақ Энергетика және минералдық ресурстар министрліктерінің орынбасарлары келіп баяндама жасайды деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар