Мәжіліс комитетінің көшпелі отырысы Қорғаныс министрлігінде өтті

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы болып өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Басқосу барысында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақов депутаттарға әскери білім мен әскери ғылымды дамытудың жағдайы мен перспективалары туралы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери кадрларды дайындаудың тұрақты жүйесі қалыптасқан. Сонымен қатар, әскери білім жүйесі әскери ғылымның даму тәжірибесіне негізделіп, әскери өнердің теориясы мен тәжірибесін игерудің нақты әдістемесі жүйеленді.

Бұдан бөлек, депутаттар әскери кадрларды және жоғары әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамын даярлау, оқу орындарының материалдық базасын нығайту, әскери-техникалық әзірлемелерге мемлекеттік тапсырысты жетілдіру мәселелерін талқылады.

Өз сөзінде Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев әскери білім жүйесін мектептердегі бастапқы әскери даярлықтан бастап жоғары білімге дейін жетілдіру жайын қозғады. Сондай-ақ, депутат ғылыми мекемелердің қазіргі заманғы материалдық-техникалық базасын құру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қажеттілігіне тоқталды.

Соңғы жаңалықтар