13:39, 15 Қаңтар 2021 | GMT +6
Мәжіліс комитеттерінің төрағалары сайланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында төменгі палатаның 7 тұрақты комитетінің төрағалары сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отырыс барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ұсынысымен:
- Аграрлық мәселелер комитетіне парламенттік оппозициядан Ерлан Барлыбаев, («Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы)
- Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне Жәмила Нұрманбетова,
- Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне Қанат Мусин,
- Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне Айгүл Құспан,
- Қаржы және бюджет комитетіне Марат Құсайынов,
- Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне Альберт Рау,
- Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетіне парламенттік оппозициядан Александр Милютин (Қазақстан халық партиясы) төраға болып сайланды.