Мәжіліс Конституциялық Кеңестің мүшесі Нұрмағамбетовтің өкілеттігін тоқтатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары ҚР Конституциялық Кеңестің мүшесі Аманжол Мағзұмұлы Нұрмағамбетовтің өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Депутаттар алдында аталған мәселе бойынша Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров түсінік беріп, бұл бағыттағы Ата заңда қамтылған нормаларға тоқталып өтті.
«Парламент Мәжілісіне ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі Нұрмағамбетовтің өкілеттік мерзімі үстіміздегі жылғы маусым айында аяқталатындығы туралы Конституциялық Кеңестен хат келіп түсті. Аманжол Мағзұмұлы Нұрмағамбетов Мәжілістің 2011 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен Конституциялық Кеңестің мүшесі лаузамына тағайындалған болатын. Еліміздің Ата заңына сәйкес, Парламент Мәжілісі бұл қызметке алты жыл мерзімге тағайындайды»,-деді Н. Әбдіров.