Мәжіліс көші-қонға қатысты бірқатар заңдарға өзгерістер енгізілген жобаны мақұлдады

АНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасына ілеспе құжат ретінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
None
None

«Жаңа редакциядағы заң нормалары кейбір заңнамалық актілерге де өзгерістерді талап етеді. Бұндай заң актілерінің ішінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін жауаптылық белгілеу нормасы енгізіледі. Бұдан бөлек, кодекске азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркеу мерзімдерін бұзғаны үшін жауаптылық белгілеу де қарастырылып отыр», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова.

Оның айтуынша, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңға азаматтығы әртүрлі шетелдіктердің Қазақстан Республикасында туған балаларын нақтылау, сондай-ақ көшіп келушілердің жекелеген санаттарын, оның ішінде оралмандардың ҚР азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу бойынша толықтырулар енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум