Мәжіліс «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңға ҚР Президентінің ұсынысын қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Президентінің қарсылықтарын қарады.
Айта кетерлігі, бұған дейін Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданған болатын. Елбасы құжаттың маңыздылығын атап өтіп, оған жоғары баға берген. «Жалпы алғанда Елбасы бұл заңға қолдау білдірді. Бірақ, Президент осы заңның кейбір талаптары мемлекеттік аппаратты жаңартудың міндеттеріне сәйкес келмейтінін атап өтті. Ол «мемлекеттік саяси қызметте болу және оны тоқтату нормасына» байланысты болып отыр. Н. Назарбаев мемлекеттік саяси қызметкерлер мемлекеттік әкімшілік қызметкерлермен бірдей зейнет жасына жеткенде мемелкеттік қызметті тоқтату керек деп есептейді. Бұл жерде ерекшелік ол өкілеттік мерзім Конституцияда, заңдарда бекітілген тұлғаларға, Елбасы шешімі бойынша өкілеттігін бес жылға ұзартатын Президент тағайындаған мемлекеттік саяси қызметшілерге байланысты. Сондықтан, Елбасы аталған заңды Парламентке қайта талқылауға жолдап отыр», - деді ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин. Президент заңның 16-бабының 1 тармағын жаңа редакцияда жазуды, 59-бапты толықтыруды ұсынған. Осыған орай, Мәжіліс депутаттары Елбасының қарсылықтарын еңсере алмады. Нәтижесінде ҚР Президентінің ұсынысы толықтай қолдау тауып, заң Мемлекет басшысы ұсынған нормалар бойынша қабылданатын болды.