Мәжіліс құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған жобаға сенаторлар енгізген түзетумен келісті
ТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат тарапынан жасалған түзетулерді қарап, оған келісімдерін берді.
Заң жобасы Қылмыстық кодекстің бірқатар баптарының санкцияларындағы көпнұсқалылықты азайтуға және экономикалық қылмыстар туралы заңнаманы ізгілендіруге бағытталған. Сонымен қатар құжат сотта қылмыстық істі жүргізуді және құқық қорғау қызметін жетілдіру шаралары қарастырылып отыр.
Сенат депутаттары құжатқа жекелеген мәселелердің мағынасын нақты түсіндіру және терминдерге байланысты бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізген болатын. Мәжіліс депутаттары бұндай редакциялық нақтылау сипатындағы түзетулерге келісімін берді.