Мәжіліс құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды жойып, сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін нормаларды жоюға бағытталған құжатты мақұлдады

  АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат -  Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды,
None
None

олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстанның Құқықтық саяст тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленген.

Бұл ретте құжат қолданыстағы заңнаманың нормаларын реттестіру, құқықтық нормалардағы қайшылықтарды жою, сыбайлас жемқорлық сипатындағы ескірген қағидалар мен нормаларды алып тастау мақсатын көздейді. Осыған байланысты заң жобасы бірқатар бағыттарды қамтып отыр. Атап айтқанда, әртүрлі заңнамалық актілердің құқықтық нормалары арасындағы қайшылықтар, олқылықтар, коллизиялар алып  тасталады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылшық жасауға ықпал ететін нормалар да алынады.

Құжат бойынша қолданыстағы 47 заңнамалық актілерге, оның ішінде 6 кодекске түзетулер енгізу ұсынылған.

Әділет министрі Берік Имашевтың айтуынша, заң жобасын қабылдау келеңсіз құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды. Өйткені өзгерістер негізінен қолданыстағы құжаттарды жетілдіруге бағытталады. Бұл тиісті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің тиімділігіне ықпал етеді.

Заң жобасы екінші оқылымға әзірленетін болады.

Соңғы жаңалықтар